Астанадан Вьетнамға шыққан ұшақ елордаға қайтуға мәжбүр болды
Там. 25, 2025, 4:58 Т.Қ.
Жексенбі, 24 тамыз күні Астанадан Нячангқа ұшып шыққан VietJet Air ұшағы елордаға қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметі.
- Әуе кемесінің аэродромға қайта оралуы туралы шешімді жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне және авиациялық тәртіпке сәйкес, экпаж командирі қабылдады, - делінген хабарламада.
Ұшақта Астана әуежайында қабылдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.
Ұшақ жерге штаттық режимде қонды.
Похожие новости