Атыраулық әйел онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған

Сәуір 5, 2025, 6 Т.Қ.

Атырау облысының 31 жастағы тұрғынының алаяқтық жолмен 30 қылмыс жасағаны анықталды. Жергілікті полиция күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Атырау облыстық полиция департаменті

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күдікті әйел ұсталған.

«Атырау облысының 31 жастағы тұрғыны онлайн-банкинг арқылы тұрғындарға несие қаражатын қолма-қол алып беретінін айтып, алаяқтық қылмыс жасаған. Күдікті осындай жолмен 30 қылмыс жасап, тұрғындарға 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген. Қазір күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Теги: