Атырау қаласы әкімдігінің қызметкерін орынсыз кінәлаған блогер кешірім сұрады
Сәуір 9, 2024, 6:08 Т.Қ.
8 сәуір күні әлеуметтік желілерде жергілікті блогер «Су тасқыны кезінде Атырау қаласы әкімінің орынбасары өзіне автокөлік таңдап жүр» деген бейнежазба түсіріп, пабликтерде тараған болатын.
Видео авторы блогер Рүстем Баязиов бейнежазбадағы азамат ешқандай әкімнің орынбасары емес екенін, автосалонға қызмет барысымен барғанын түсініп, көпшілік алдында кешірім сұрады.