Азия ойындарында жүлде алған спортшыларға қанша қаржы төленеді

Қыр. 12, 2023, 3:25 Т.Қ.

Туризм және спорт министрлігі алдағы жазғы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына қанша сыйақы берілетінін жариялады.

Азия ойындарының жеңімпазы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.

Жаттықтырушысына 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр.

Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Жаттықтырушысына 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.

Қола медаль еншілеген құрама спортшысы 3000 АҚШ долларын алады.

Жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген.

Теги: