Азық-түлік жеткізу ісіне саясатты араластырмай, кез келген санкциядан босатуымыз керек
Там. 24, 2023, 7:20 Т.Қ.
Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «БРИКС Плюс» диалогы отырысында айтты.
«Бүгінде әлемдегі азық-түлік өндіруші төрт ірі елдің үшеуі – БРИКС мүшелері. Ал БРИКС елдерінің ауыл шаруашылығы саласындағы ЖІӨ жиынтық мөлшері әлемдік көрсеткіштің жартысынан асады. Елдеріміз арасындағы азық-түлік теңгерімсіздігін азайту үшін тиісті шаралар қабылдауымыз қажет. Біз әлемдегі азық-түлік пен тыңайтқыш жеткізу ісіне саясатты араластырмай, оларды кез келген санкция мен шектеулер ықпалынан босатуымыз керек», — деді Президент.