Батыс Қазақстанда бәукеспе ұры автокөлік иелеріне 5 млн теңге шығын келтірген
Қыр. 18, 2025, 3:52 Т.Қ.
Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласының 34 жастағы тұрғынын қолға түсірді.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш тұрғын қала аумағында автокөліктерден ұрлық жасаумен айналысқан.
Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта автотұрақтарда тұрған автокөліктердің терезелерін сындырып, ішіндегі бейнетіркегіштер мен жеке заттарды ұрлағаны анықталды.
— Оның шілде және тамыз айларында Орал қаласында 11 ұрлық жасағаны белгілі болды. Автокөлік иелеріне келтірілген жалпы шығын 5 миллион теңгеден асты. Ұрлық деректері бойынша күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды, — деп хабарлады ведомстводан.
Похожие новости