Батыс Қазақстанда «Life is good» және «Hermes» қаржы пирамидаларын ұйымдастырған күдікті ұсталды
Мамыр 26, 2023, 11:20 Т.Қ.
Батыс Қазақстан облысында жеке тұлғалардан 24%-дан 54%-ға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тарту мақсатында «Life is good» және «Hermes» жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамидаларын ұйымдастыруға күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық істі ҚМА аумақтық Депаратменті тергеуде.
Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады.
Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікпен ілінген азаматша ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.