«Бекіре – 2025»: Атырау облысында 1 сәуірден бері 311 келі бекіре тәркіленді
Атырау облысында 1 сәуірден бері заңсыз айналымнан 1 тонна 637 келі балық өнімдері тәркіленді. Оның ішінде 311 келі бекіре тұқымдас балық бар.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 1 сәуірден бері браконьерлік іс-әрекеттің, бекіре тұқымдас және басқа балық түрлерін заңсыз аулауға қатысты 101 деректі анықтаған.
– «Бекіре – 2025» кеңауқымды балық қорғау акциясы аясында заңсыз айналыммен байланысты 101 құқық бұзушылық тіркелді. Ал 6 іс құжаты бойынша күдіктілердің іс-әрекетінде қылмыс құрамы анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық бұзушылардан 1 қайық, 26 тор құрал, 1 тонна 637 келі балық өнімдері тәркіленді. Оның ішінде 311 келі бекіре тұқымдас балық пен 2 келіден астам бекіре балығының уылдырығы бар, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Тәркіленген бағалы бекіре балық зауытына тапсырылған.