Бейбіт Жұқаев алғаш рет жұптық сында челленджер турнирінің чемпионы атанды

Ақп. 16, 2025, 5:52 Т.Ж.

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев жұптық сында Манама (Бахрейн) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.

ҚТФ

Қазақстандық теннисші украиналық Виталий Сачкомен бірге финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич - франциялық Люка Санчеспен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық украиналық жұп 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде екеуі 4 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Лютаревич - Санчес 2 эйспен шектелді.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев алғаш рет жұптық сында челленджер додасында үздік шықты. Бұған дейін Бейбіт Мысыр мен Астанада жұптық сында ITF M25 жарысында чемпион болған.

Теги: