BI Group компаниясына тексеріс жүргізілуде

Мамыр 14, 2022, 2:11 Т.Ж.

БАҚ бетінде BI Group компаниясында жаппай салықтық тексеру жүргізіліп жатқаны жазылды. Холдинг бұл тексеру «әдеттегі тексеру» дегенді айтады.

«Бірқатар бұқаралық ақпарат құралы атап өткен тексерулер заңға бағынатын барлық салық төлеушілер үшін жыл сайын және тұрақты болып тұрады», – делінген хабарламада.

Компанияның жазуына қарағанда, 2021 жылы олар мемлекет қазынасына 47 млрд теңге салық төлеген. 2019-2021 жылдары шамамен 100 млрд теңге салық төлеген.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин аталмыш компания Нұр-Сұлтан қаласында үстемдік орнатқанын айтқан.

Жамбыл Ахметбеков бастаған мәжіліс депутаттары Бас прокуратура мен Үкіметтен холдингті тексеруді сұраған.

Теги: