Бір жылда болған үлкен бес өзгеріс

Наурыз 16, 2023, 5:10 Т.Ж.

Ерлан Қарин бір жыл ішіндегі бес өзгерісті атады.

1. 1995 жылдан бері алғаш рет жалпыұлттық рефендум өтті.

Ата Заңдағы тоғыз тараудың сегізіне, 98 баптың 33-іне түзету енгізіліп, басты құжаттың үштен бірі жаңартылды.

2. Жаңа саяси реформалар қолға алынды.

Президент 7 жылдық мерзімге бір рет сайланады. Парламент пен мәслихаттарды жасақтау тәртібі өзгерді, олардың өкілеттігі күшейді. Конституциялық сот құрылып, жұмыс істей бастады.

3. Маңызды мемлекеттік институттарды жүйелі түрде қайта құру үдерісі аяқталып келеді.

Президент және Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 19-наурызда жаңа аралас жүйе (партиялық тізім мен бір мандатты округтер) бойынша Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттары сайланады.

4. Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы да өзгерді.

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылды.

5. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы әріптестік орнату жұмысы жалғасты.

Ұлттық құрылтай шақырылып, алғашқы отырысы – Ұлытауда өтті, екінші отырысы киелі Түркістанда өтеді.

Теги: