«Болашақ» стипендиясының иегерлері тізімі жарияланды
Мамыр 29, 2025, 11:03 Т.Қ.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 189 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.
Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұхбаттар жүргізілді.
— Жаңа стипендиаттардың жалпы санынан 164 азамат — магистратура, 10 азамат докторантурада оқиды. Сондай-ақ 15 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді, — делінген хабарламада.
«Болашақ» стипендиясының иегерлерінің толық тізімін мына жерден көре аласыздар.