Божко «Қазақ ұлтшылдары дайын болыңдар!» деген жазбамен не айтқысы келді?

Маусым 27, 2022, 1:20 Т.Қ.

«Қазақ ұлтшылдары дайын болыңдар!» деген тақырыппен Сергей Васильев есімді оқырман желіге ұлтшылдарға байланысты жаңа жазба жариялаған.

Ең қызығы оны «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар Республикалық бірлестігінің төрағасы, экс депутат Владимир Божко өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

«Қазақ ұлтшылдары дайын болыңдар!

Ресейдің Бас прокуроры Игорь Краснов Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловпен кездесті. Бұл туралы айту ыңғайсыздау. Бірақ маған ұдайы мынадай ақпарат түседі. Украиндық үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен Қазақстанда да белсенді түрде русофобтық әрекет жасалып жатыр…

Экстремизм мен терроризмге қарсы тұру тәжірибесімен алмасуға біздің сарапшыларымыз шілде айында Нұр-Сұлтанға келеді.

Жақында барлық соросшылар, тұраншылар мен басқа да нацистерге қылбұрау салынады деген үміт бар.

Бірқатар қазақ саясаттанушыларына жазбаларын барынша тазартып, бұдан былай қайдағы жоқ нәрсені жазбауға кеңес беремін», – делінген Семен Ураловтың жазбасында.

Бірнеше сағаттан соң, Владимир Божко да, Сергей Васильев те жазбаны өшіріп үлгерді.

«Репостты не үшін жасап отырғанын түсінбедім. Бұл қазақтарды қорқыту ма?», «Божко мырза мемлекеттік қызметте отырып репост жасауы қазақ халқына айтқан рахметі ме?», «Қазақтар ешқашан ұлтшыл болға емес. Біз соғысқа қарсымыз. Өмір көрсеткендей, біз өте мейірімді халықпыз. Бізді қорқытудың қажеті жоқ», – деп пікір қалдырды желі оқырмандары.

Теги: