Бір әулеттің бес буыны референдумда дауыс берді
Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылындағы №573 сайлау учаскесіне бір әулеттің бес буынының өкілдері келіп, өз таңдауларын жасады. 103 жастағы Шортанова Күлпара, оның 85 жастағы ұлы Марат, 50 жастағы немересі Олжас, 25 жастағы шөбересі Бейбіт және 18 жастағы шөпшегі Марал алғаш рет дауыс берді.
Бұл күн Шортановтар отбасы үшін ерекше маңызға ие болды, себебі олар ұрпақтар арасындағы сабақтастықты және әрбір азаматтың ел болашағына қосқан үлесін паш етті. Әулеттің ең жас өкілі Марал үшін бұл күн ерекше оқиғаға айналды, себебі ол алғаш рет дауыс беру құқығын пайдаланды.
Шортановтар әулеті ауылдың дамуына елеулі үлес қосқан отбасылардың бірі. Әулеттің мүшелері әртүрлі салаларда еңбек етіп жүр: ауыл әкімі Марат, мемлекеттік қызметкер Олжас және әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бейбіт ел игілігі үшін қызмет атқаруда. Бес ұрпақтың бір таңдауға бірігуі – олардың елді көркейту жолындағы бірлігінің символы.
Сайлау аяқталған соң, отбасы осы маңызды күнді есте сақтау үшін бірге суретке түсіп, ұрпақтар сабақтастығы мен ел болашағын қалыптастырудағы ортақ жауапкершілікті тағы бір мәрте еске салды. Жақындары мен таныстары қоғам игілігіне өз дауыстарын беру қаншалықты маңызды екенін атап өтті.