Бүгін футболдан бірінші лигада Қазақстан чемпионатының алғашқы туры өтеді

Сәуір 9, 2025, 11:34 Т.Қ.

Бүгін, 9 сәуірде футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады.

canva.com

Доп додасында 14 команда бақ сынайды. Алғашқы тур ойындары 9-10 сәуір күндеріне белгіленген.

Бүгін, 9 сәуірде «Түркістан» мен «Шахтер» (Қарағанды), «Каспий» (Ақтау) мен AKAS (Алматы), «Ертіс» (Павлодар) мен «Екібастұз» (Павлодар облысы) командалары кездеседі.

Ал 10 сәуірде «Оңтүстік Академия» (Шымкент) мен «Алтай» (Өскемен), «Тараз» бен «Жетісай» (Түркістан облысы), «SD Family» (Астана) мен «Қайрат-2» (Алматы), «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Ақтөбе-2» ойнайды.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді. Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Теги: