Бұрынғы Jusan Bank мемлекетке әлі 950,2 млрд теңге қарыз

Қыр. 16, 2025, 4:07 Т.Қ.

Қаржы дағдарысы кезінде мемлекеттен қаржылай көмек алған банктердің бәрі алдағы 3-5 жылдың ішінде қарызын түгел қайтарып бітеді. Тек Alatau City Bank (бұрынғы Alatau City Bank - ред.) қана бұл мерзімде қарызын қайтарып үлгермейтіні белгілі болды.

canva

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс депутатының сұрағына берген жауабында айтты.

- Банктерге берілген мемлекеттік көмек туралы айтсақ, қазір 4 банкте 1,3 трлн теңге мөлшерінде мемлекет қаражаты бар. Атап айтқанда, Еуразиялық банкте – 150 млрд теңге, РБК банкте – 176,8 мдрд теңге, Alatau City Bank-те – 950,2 млрд теңге, Nur Bank-те 46,8 млрд теңге бар, - деді агенттік басшысы.

Сондай-ақ, ол агенттік 2022 жылдан бастап банк заңнамасына өзгерістер енгізгенін еске салды.

- Банктердің мемлекеттен алған көмекті тезірек қайтаруына бағытталған жаңа талаптар қойдық. Мемлекеттен көмек алған банктердің акционерлеріне дивиденд алуға тыйым салдық. Осы тыйымнан кейін банктер мемлекет алдындағы қарызын тезірек қайтара бастады. 2023-2025 жылдар арасында 526,9 млрд теңге мезгілінен бұрын қайтарылды. Оның ішінде Halyq Bank 250 млрд теңгені толық қайтарды. Alatau City Bank 150 млрд теңгені мерзімінен бұрын, Банк Центр Кредит 60 млрд теңгені толық қайтарды. РБК банк 66,9 млрд теңгені өтеді. Бұл жұмысты Ұлттық банкпен бірге жалғастырып жатырмыз.

Биылдан бастап мемлекет алдында көмек қарысы бар банктерге минималды резерв талабын көтердік. Банктер қалған қарыздарын алдағы 3-5 жылдың ішінде қайтарады, Alatau City Bank-тен басқасы, - деді Мәдина Әбілқасымова.

Теги: