Бүркітші Айшолпанның отбасы Қазақстанға көшіп келді

Қаң. 28, 2024, 9:17 Т.Қ.

Әлемге әйгілі бүркітші, отандасымыз Айшолпанның отбасы елге көшіп келді.

«Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы С. Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4 курста оқып жатырмын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын», — деді Айшолпан.

Сондай-ақ, отандасымыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты.

«Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. себебі оқудан қол тимейді», — дейді бүркітші қыз.

Теги: