Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Қар. 10, 2023, 2:31 Т.Ж.

Астанадағы мейрамханалардың бірінде соққыға жығылған әйел адам қайтыс болды.

«Бүгін Астанадағы Бау мейрамханасында 20:30 шамасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жыққан. Әйел адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Қазіргі сәтте бұрынғы шенеунік ұсталды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде ол өзіне пышақ салмақшы болған. Күдікті есірткіге масайған күйде болған болуы ықтимал», – деп хабарлайды Астана қаласының Полиция департаменті. 

Оқиға орнында Есіл ауданының ПБ және қаланың ПД тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес, қылмыстық іске қатысты өзге ақпараттар жарияланбайды.

Теги: