«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов өмірден озды

Там. 4, 2023, 3:58 Т.Қ.

Қаралы хабар «Дос-Мұқасан» тобының желідегі парақшасында жарияланды.

«Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол біздің ансамбльдің құрушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі марқұмның туыстары мен жақындарына, балаларына қайғыра отырып, көңіл айтады. Ол біздің жүрегімізде ең шынайы, мейірімді, адал, жауапты және жарқын адам ретінде қалады», – делінген жазбада.

Теги: