Екібастұзда үш жасар қыз қайнап тұрған суға күйіп қайтыс болды

Қаз. 30, 2023, 7:30 Т.Қ.

Екібастұзда үш жасар қыз баланың үстіне абайсызда ыстық су төгілді. Сәбиді қатты күйік шалған, алайда ата-анасы жедел жәрдемді тек 12 сағаттан кейін ғана шақырды. 

Оқиға орнына келген дәрігерлер үш жасар қыздың қайтыс болғанын анықтады.

103 қызметіне қоңырау 30 қазан күні түнгі сағат 02:30 шамасында түскен.

Қайтыс болған қыздың анасының айтуынша, әпкесі сіңлісін шомылдырмақ болып, абайсызда баланың үстіне қайнаған су төгіп алған. Бұл жексенбі күні күндіз болған. Дәрігерлер сәбидің денесінің 40 пайызын күйік шалғанын айтты.

«Оқиға болған кезде бала атасы мен әжесінің және тоғыз жастағы әпкесінің қарауында болған. Олар күндіз медициналық көмекке жүгінбеген, баланың анасы күйік туралы кешкі уақытта білген, ал түнде жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер баланың биологиялық өлімін растады. Оның арқасын, аяғын 2-3 дәрежелі термиялық күйік шалған», — деп хабарлады Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Теги: