Елде 16,6 млн тонна астық бастырылды

Қыр. 25, 2025, 9:44 Т.Қ.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет

Бүгінгі таңда 10,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 68,2%-ы жиналды. Нәтижесінде 16,6 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 799,3 мың тонна майлы дақыл, гектарына 224,7 центнер өнімділікпен 1,9 млн тонна картоп және гектарына 298,2 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 324,3 ц/га өнімділікпен 405,2 мың тоннадан астам қырыққабат, 412,2 ц/га өнімділікпен 731,2 мың тонна пияз, сондай-ақ 290,2 ц/га өнімділікпен 305,7 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр.

Теги: