Елде жиналған коммуналдық қалдықтар 4,1 млн тоннаға жетті

Мамыр 5, 2026, 7:46 Т.Қ.

2025 жылы Қазақстанда жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% өсіп, 4,1 млн тонна болды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Фото: canva

Сұрыпталған қалдықтар көлемі 1,5 млн тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 16,3% артты.

Ал сұрыпталған қалдықтар құрылымында макулатура мен картонның үлесі 9,4%, пластиктің үлесі 9% болды.

— Өңірлер бөлінісінде сұрыпталған қалдықтар көлемі бойынша көшбасшылықты Алматы қаласы сақтап отыр — 409,3 мың тонна. Көшбасшылар қатарында Астана қаласы — 377 мың тонна және Қарағанды облысы — 243,9 мың тонна бар, — делінген хабарламада.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елде коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдаумен айналысатын 846 кәсіпорын, сондай-ақ оларды сұрыптау, кәдеге жарату және көму жұмыстарын жүзеге асыратын 278 ұйым жұмыс істейді.

Теги: