«Елге көмек» қайырымдылық қорының жетекшісі ұсталды
Сәуір 11, 2025, 12:50 Т.Ж.
Алматыда «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
— Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды, — деп хабарлады ол.
Алматы қаласының Полиция департаментінің ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
— Алмалы аудандық полиция басқармасында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — деп атап өтті ведомстводан.