Елімізде 20,9 млн гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары жалғасып жатыр.Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінде ауыл шаруашылығы дақылдары 20,9 млн гектар алқапқа егілді.
Атап айтқанда, дәнді дақылдар 15 млн гектар алқапқа, майлы дақылдар 4,2 млн гектарға, мал азықтық дақылдар 1,2 млн гектарға орналастырылды. Сонымен қатар мақта 164,3 мың гектарға, картоп 128,4 мың гектарға, көкөніс дақылдары 122,1 мың гектарға, бақша дақылдары 83,9 мың гектарға, қант қызылшасы 22 мың гектарға егілді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, егіс науқаны еліміздің негізгі астық егетін өңірлерінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Ақмола облысында 5,3 млн гектар, Қостанай облысында 5 млн гектар, Солтүстік Қазақстан облысында 4,1 млн гектар алқапқа егін егілді.
Егіс науқанына 133,9 мыңнан астам трактор, шамамен 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу техникасы жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге үздіксіз техникалық қолдауды 70 сервистік орталық қамтамасыз етіп жатыр.