Елімізде жеке броньды қорғаныс құралдарын сынайтын зертхана құрылады

Сәуір 17, 2025, 3:26 Т.Ж.

2026 жылға дейін елімізде жеке броньды қорғаныс құралдарын сынайтын зертхана құру жоспарланған. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауабында мәлім етті.

asiaplustj.info

— Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Steel Manufacturing» ЖШС базасында жеке броньды қорғау құралдарының сынақ зертханасын құру бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. 2024 жылғы 23 қыркүйекте зауыт технологиялық жабдықты жеткізуге Prototypa-ZM, s.r.o. компаниясымен (Чехия) (сомасы –10 млрд теңге, жеткізу мерзімі — 2025 жылғы тамыз) шартқа қол қойды. Сынақ зертханасын іске қосудың күтілетін мерзімі — 2026 жылғы ақпан, — деп жазылған жауапта.

Теги: