Елордада автобус жүргізушілерінің әрекетін камера арқылы бақылайды

Шілде 2, 2025, 11:36 Т.Қ.

Астанада қоғамдық көлік жүргізушілерінің әрекетін бақылау үшін бейнебақылау камералары орнатыла бастады.

canva.com

— Қоғамдық көліктер жүргізушісінің әрекетін бақылауға арналған бейнебақылау камералары орнатылды. Енді барлық автобусты қамтуды жоспарлап отырмыз, бұл жүргізушінің телефонға алаңдамауын бақылау үшін қажет, — деді Астана қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы жол-көлік және техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы Мақсат Имашов елордадағы кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен іс-шара барысында.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері күнделікті патрульдеу кезінде қоғамдық көліктердегі бейнебақылау камераларының жағдайын тексеріп тұрады.

— Одан бөлек, автобус жолға шығар алдында қоғамдық көліктің техникалық жағдайы тексеріліп, бейнебақылау камерасының да жұмыс істеп тұрғаны қаралады, — дейді ол.

Айта кетсек, елімізде қоғамдық көлік иелері автобус ішіне камера орнатуға міндеттеледі.

Теги: