Елордада балаға пышақпен шабуылдаған жасөспірім арнайы есепте тұрған

Ақп. 11, 2025, 6 Т.Қ.

Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінде белгісіз жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады.

Бейнежазбадан

Бұл деректі Астана қалалық полиция департаменті растады.

— Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Олар тәлім-тәрбие беру міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, — деп атап өтті ведомстводан.

Департамент мәліметінше, зардап шеккен сәби ауруханаға жатқызылып, қажетті медициналық көмек көрсетілді.

— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен оқшауланады, — делінген таратылған ақпаратта.

Теги: