Елордада бухгалтерлік қызмет атын жамылып, алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Там. 14, 2025, 4:22 Т.Қ.

Астана полицейлері 49 жастағы азаматшаны алаяқтық жасады деген күдікпен қолға түсірді.

Polisia.kz

Polisia.kz порталының мәліметінше, күдікті жұмыс берушімен бухгалтерлік қызмет көрсетуге келісімшарт жасасып, ешқандай міндетін орындамаған. Бұл дерек Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әшкереленді.

Күдікті қашықтан бухгалтер қызметін ұсынып отырған. Жеке кәсіпкермен ірі көлемдегі ақша қаражатын аудару мәселесі бойынша келісім жасаған соң, ол ақшаның бір бөлігін өзіне иемденіп кеткен. Материалдық шығын 12 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция бейтаныс адамдармен келісімшарт жасасқанда аса қырағылық танытуға шақырады. Ешқандай жағдайда өз қаражатыңызды аудармаңыз. Алаяқтардың арбауына түсіп, олардың құрбаны болуыңыз мүмкін екенін есте сақтаңыз.

Теги: