Елордадан қыс басталғалы 7,1 млн текше метр қар шығарылды

Наурыз 11, 2026, 7:44 Т.Қ.

Елорданың коммуналдық қызметі алғаш қар жауған күннен бастап, күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі

Өткен түнде елордадан қар полигондарына 2 719 ауыр жүк көлігінің рейсі арқылы 44 042 текше метр қар шығарылды.

11 наурыз күні таңертең қаланы қар мен көктайғақтан тазартуға шамамен 1 688 арнайы техника мен 3 000 жол жұмысшысы тартылды.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалық жүргізіледі.

Қыс мезгілі басталғалы бері қар полигондарына 473 228 рейспен 7 млн 134 мың 590 текше метр қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Бұл жұмыстар да тәулік бойы атқарылып жатыр.

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға шақырады.

Теги: