Енді ауыл мұғалімдері қалалық әріптестеріне қарағанда көбірек жалақы алады
Қыр. 7, 2022, 3:36 Т.Ж.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ауыл мұғалімдерінің қалалық әріптестеріне қарағанда көбірек жалақы алатынын айтты.
⠀
– Барлық ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әріптестеріміздің жалақысына қалалық мектепте жұмыс істейтін әріптестерімізбен салыстырғанда қосымша ай сайын 25 пайыз қосылып отырады.
⠀
Яғни қалада бір ставкамен жұмыс істейтін мұғалімге қарағанда, ауылда бір ставкамен жұмыс істейтін мұғалім көбірек алады, – деді министр.