Енді «Елбасы» сөзі қолданылмайды

Сәуір 27, 2022, 6:36 Т.Қ.

Бүгін мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Конституциядан Елбасының мәртебесі мен артықшылығы туралы баптар алынып тасталғанын атап өтті.

«Конституцияда тек қана мемлекеттің негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана қалды. Сондықтан Конституция қабылданғаннан кейін, Тұңғыш президент туралы Конституциялық заң да күшін жояды деп күтілуде», — деді Қошанов.

Сонымен қатар, Назарбаевқа қатысты экс-президент туралы норма қолданылады. Бүгінде бұл норма Конституцияда да, президент туралы заңда да бар. Ол Конституциядан Елбасы деген сөз алынып тасталғанын айтты.

«Біріншіден, ар-намысы мен абырой-беделін қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғау, яғни зейнетақысы, көлігі, күзеті бар. Осы мәселелер мемлекет тарапынан реттеледі», — деді ол.

Сонымен бірге, Елбасы мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі барлық жеке мүлікке тиісуге және шектеу қоюға болмайды.

Теги: