Енді ерлі-зайыптылар зейнетақы жинақтарын біріктіре алады

Қыр. 30, 2022, 4:48 Т.Ж.

Ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар зейнетақы жинақтарын біріктіріп, олардың әрқайсысына жеке кесте бойынша өмір бойы төлемдер белгілеуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева хабарлады.

– Мысалы, ерлі-зайыптылардың, 55 жастағы күйеуі мен әйелі тиісінше 11,6 млн теңге және 5 млн теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары бар деп алайық.

Бұл ретте күйеуі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшеріндегі ай сайынғы төлеммен зейнетақы аннуитетінің ең төмен құны 7,4 млн теңгеге, әйелі үшін – 9,2 млн теңгеге тең. Тиісінше, әйелдің жинақ сомасы жеке зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткіліксіз. Жинақтарды біріктіріп және бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өмір бойы төлемдер ала алады.

Бірлескен зейнетақы аннуитеттерін енгізу азаматтардың жинақ бастамаларын арттыруға және зейнеткерлікке шыққан кезде оларға қосымша жинақтарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қызметті 1 млн жуық адам пайдалана алады, – деді Хаджиева.

Теги: