Енді газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жапсыру міндеттелмек

Қар. 27, 2023, 6:23 Т.Қ.

Өзгеріс 2024 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

«Көліктерге газ қондырғысын орнатуда кейде тиісті қауіпсіздік талаптары орындалмай жатады. Мұндай көліктер адамдарға қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты газ орнатылған көліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынған. Дәл осындай көліктерді анықтап, сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілді», – дейді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Теги: