Енді тазы мен төбет ғылыми зерттеліп, арнайы мамандар даярланады

Қыр. 13, 2023, 12:31 Т.Қ.

Елімізде тазы мен төбетке қатысты ғылыми зерттеулер жүргізіліп, олармен жұмыс істейтін мамандар оқытылады.

«Тазы мен төбетті сақтауға, танытуға қатысты барлық жұмыс екі бағытта жүріп жатыр. Ең алдымен оларды қазақы ит тұқымы ретінде әлемге таныту маңызды. Екіншісі — ел ішінде жүйелі жұмысты жолға қою. ҚР Президенті іс басқармасы аталған міндетті орындауды бір жылдан астам уақыт бұрын өз қарауына алды. Қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Айтарлықтай нәтиже бар. Одан бөлек, заңнамалық база жаңартылды», — дейді ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Сергей Хорошун.

Оның айтуынша, аталған жұмысты атқаруға ҚР Президенті іс басқармасының мамандары, салалық министрлік өкілдері, депутаттар мен қоғам қайраткерлері белсенді қатысты.

«Тазы, төбеттерді сақтау мен таныту бойынша уәкілетті орган — Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Министрлікке қарасты «Охотзоопром» кәсіпорнының базасында тазы және төбет ұлттық орталығы құрылды. Мұнда ғылыми зерттеулер, стандарт әзірлеу, мамандарды оқыту және кинологиялық ұйымдармен жұмыс жасау бойынша әлі де үлкен қажырлы жұмыс күтіп тұр. Баршаңызға осы маңызды миссияда сәттілік тілеймін. Біз халқымыздың жеті қазынасының бірін сақтап, көбейте аламыз», — дейді ол.

Теги: