Енді Тік Ток қосымшасын қазақ тілінде қолдануға болады

Қаң. 17, 2023, 4:20 Т.Ж.

Енді Тік Ток қосымшасындағы интерфейс тілін кез келген уақытта қазақ тіліне ауыстыруға болады.

Ол үшін қосымшаның төменгі оң жақ бөлігіндегі «кескінді» басыңыз. Сол кезде сіздің жеке мәліметтеріңіз сақталатын парақша ашылады.

Баптауға өту үшін дәл осы парақшаның оң жақ жоғары тұсындағы үш сызықпен бейнеленген белгіні басуыңыз қажет.

Содан кейін «параметрлер мен құпиялылық» бөліміне өтіп, одан «тіл» деген сілтемеге кіресіз. Дәл осы жерден қазақ тілін таңдай аласыз.

Теги: