Енді Владимир Путин Арменияға бара алмауы мүмкін
Қаз. 4, 2023, 2:22 Т.Ж.
Армения Парламенті Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын мақұлдады.
Бұған Мәскеу өкпелі. Себебі бұл статут Халықаралық қылмыстық соттың шешімін орындауды міндеттейді. Яғни, Владимир Путин Арменияға аяқ баса қалған жағдайда тұтқындалуы мүмкін.
Кремль бұл шешім Ресей мен Армения қарым-қатынасын нашарлататынын жеткізді.
«Арменияның Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын мақұлдауына күмәнмен қараймыз. Бұл әлі де бұрыс шешім», – деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ереван «Рим статутын Қарабақтағы қарулы қақтығыс кезінде жасаған қылмысы үшін Әзірбайжан жетекшілерін жауапқа тарту мақсатында қабылдадық» дейді.