Енді жоғары оқу орындары студенттерді жатақханалармен қамтамасыз етуге міндеттеледі

Жел. 5, 2023, 1:25 Т.Қ.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап біз өзгертулер енгіздік. Енді университеттерге жаңадан қабылданған студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді 100 пайыз, ал жалпы 70 пайыз қажеттілікті өтеу үшін қатаң талаптар қойылады. Бұл заң талабы болмақ. Енді бұл міндетті талап лицензия беру кезінде ескерілетін болады. Университеттер бұл міндетті шартты орындамай өз қызметін жүзеге асыра алмайды», – деді ол.

Теги: