Ереуілді тоқтатқан West Oil жұмысшыларына қауіп төнгені туралы ақпаратқа полиция түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы бірқатар кәсіпорындардың қызметкерлерін алдау және зорлық-зомбылық қаупімен ереуілдерге қатысуды жалғастыруға мәжбүрлеу туралы ақпарат таратылуда.
Атап айтқанда, мұндай жағдай “West Oil Software” ЖШС ұжымында орын алуда, сот қызметкерлердің ереуілі заңсыз деп таныды.
Жалпы саны 100-ден астам адамға жеткен “West Oil Software” ЖШС-нің жекелеген жұмысшылары заңсыз ереуілге қатысудан бас тартып, өздерінің еңбек міндеттеріне кірісті. Алайда, олар ереуіл белсенділерінің тарапынан қысым көруде.
Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Аталған дерек бойынша егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі.
Бүгінгі таңда облыстық полиция департаменті заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыруға шақыру фактілері бойынша ҚК-нің 402-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Оларға қатысы бар адамдардың көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттеріне құқықтық баға осы қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде берілетін болады.
Азаматтарды зорлық-зомбылық, қысым және алдау қаупі фактілері бойынша ішкі істер органдарына жүгінуге және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз.