Ерлан Қарин: ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Маңғыстаудағы жерасты мешіттерін енгізу жөнінде өтінім берілді

Мамыр 17, 2025, 2:09 Т.Ж.

Бүгін Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда

Мәжіліс барысында ЮНЕСКО және ИСЕСКО-мен өзара ынтымақтасты дамыту бойынша жоспарлар мен басымдықтар талқыланды.

Ерлан Қарин сөзінде ЮНЕСКО-мен ынтымақтастыққа ерекше маңыз беретін Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

- 2024 жылдың наурыз айында Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың Үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда көздің қарашығындай сақтап, әлемдік деңгейде таныту керек теңдессіз табиғи және тарихи нысандардың көптігін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЮНЕСКО-ның қарауына ұйымның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» енгізу туралы өтінім берілді. Қазіргі таңда Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау кеңесі сарапшыларының елімізге келу мәселесі талқыланып жатыр.

Теги: