Ерлан Қошанов коронавирустан жазылып, жұмысқа шықты
Ақп. 14, 2024, 3:04 Т.Қ.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов COVID-19 вирусынан айықты.
«Жазылып шықты, жұмыста. Мәжілістің жалпы отырысын жүргізіп жатыр», — деген хабар алдық Мәжілістің баспасөз қызметі өкілінен.
Палата баспасөз қызметінің мәліметінше, Ерлан Қошанов КВИ-ден емделіп, өткен аптадан бастап жұмысқа шыққан.