Ерлан Қошанов: Заңнаманы ЖИ-технологиялардың даму қарқынына бейімдеп отыру керек

Қыр. 26, 2025, 9:23 Т.Қ.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жасанды интеллектіні дамытуға арналған парламенттік тыңдауда заңнамаға заңнаманы ЖИ-технологиялардың дамуына бейімдемеудің салдары туралы пайымын айтты.

Ақорда

- Жасанды интеллектіні қолдану этикасы мен қауіпсіздік мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді. Әзірше ешкім қауіп-қатер шекараларын анықтай алмай отыр. Жасанды интеллект технологияларын теріс мақсатта пайдалануға қарсы тұру үшін әртүрлі тактика ұсынылады. Мысалы, Қытай биылғы қыркүйектен бастап ұлттық әлеуметтік желілерге жасанды интеллект жасаған контентті таңбалау жүйесін енгізуді міндеттеді. Біз де Жасанды интеллект туралы заңымызда осындай талап қойдық, - деді ол.

Мәжіліс спикері қабылданған нормалармен шектеліп қалмау керектігін атап өтті.

- Мұндай қарқынды дамып келе жатқан салада жаңа технологияларды ескере отырып, заңнаманы тұрақты мониторингілеу және бейімдеп отыру қажет. Уақтылы реттеп отырмаса, біз болашақта салдарын бақылау қиын болатын қауіптерге тап болуымыз мүмкін. Бүгінгі талқылауда бұған да ерекше мән беріледі деп ойлаймын, - деді ол.

Теги: