Есірткі бизнесіне қатысы бар 45 адам ұсталды

Қар. 24, 2026, 7:23 Т.Қ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында жұмысты жалғастырып жатыр.

Фото: ҰҚК

2026 жылғы тамыздан қазан айына дейін есірткі жеткізудің 8 халықаралық және 11 өңірлік арнасының жолы кесіліп, 5 жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды.

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл аясында 8 халықаралық есірткіге қарсы операция жүргізілді.

Нәтижесінде, 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, оның ішінде 11,1 кг апиын, 14,2 кг гашиш, 404,6 кг марихуана, 320,6 кг сора бұталары, 18,4 кг синтетикалық есірткі, сондай-ақ 525 кг синтетикалық опиоид, күшті әсер ететін заттардың 2 650 таблеткасыжәне 2,6 тонна прекурсор бар.

Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен ҚР-ның 40 азаматы және 5 шетелдік ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Теги: