Эстонияда Зеленскийге алып ескерткіш қойылды

Ақп. 3, 2023, 4:49 Т.Ж.

Эстонияның Тырва қаласында Украина Президенті Владимир Зеленскийдің үлкен ескерткіші бой көтерді.

– Құмнан қойылған ескерткіш Украина соғыста жеңіске жеткенше тұратын болады, – делінген хабарламада.

Оның суретін Эстония Премьер-Министрі Каи Каллас ханым өзінің желідегі парақшасында жариялады.

Сондай-ақ ол Ресей басқыншылығына қарсы соғысып жатқан Украина халқына айрықша жақтас болып отырғанын да назардан тыс қалдырмады.

Теги: