Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алтыншы туры өтеді
Биыл ел біріншілігіне 14 команда қатысады.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Бес турдан кейін шымкенттік БИИК көш бастап келеді. Одан кейінгі орындарда «Томирис-Тұран», «Ақтөбе», «Қайрат», «Қызылжар» келеді.
Екінші турдың ойын кестесі:
«Қайрат» (Алматы) - «Қайсар» (Қызылорда)
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Елімай» (Семей)
«Астана» - «Тобыл» (Қостанай)
«Қызылжар» (Петропавл) - «Жетісу» (Талдықорған)
«Ақтөбе» - «Атырау»
БИИК (Шымкент) - «Оқжетпес» (Көкшетау)
«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Жеңіс» (Астана)
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.