Гаагадағы халықаралық сот Путинді тұтқындауға ордер берді

Наурыз 17, 2023, 4:35 Т.Ж.

Гаагадағы халықаралық сот Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстарға байланысты тұтқынға алуға ордер берді.

Бүгін Ресей мен Украина арасындағы соғыстың басталғанына 387-ші күн.

БҰҰ мәліметінше, қазірдің өзінде 16 миллионнан астам украин азаматы үйлерін тастап кеткен.

Халықаралық қылмыстық сот Ресей Президенті Владимир Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстар, халықты (балаларды) заңсыз депортациялау және Украинаның оккупацияланған аумақтарынан Ресей аумағына заңсыз көшіру үшін қылмыстық жауапты деп айыптап, қамауға алуға шешім шығарған.

Теги: