Газиантепте зілзаладан қатты зардап шеккен Нұрдағы ауданының әкімі ұсталды

Ақп. 26, 2023, 5:21 Т.Ж.

Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласында зілзаладан қираған ғимараттар ісін тергеу аясында Нұрдағы ауданының әкімі Оккеш Кавак ұсталды.

«Эпиорталығы Кахраманмараш қаласында болған жер сілкінісінен іргелес өңірлерде 2 000-ға жуық ғимарат қирандыға айналды, жүздеген адам қаза тапты. Қалада жер сілкінісіне байланысты қылмыстарды тергеу барысында 22 адам қамауға алынды», — делінген BBC сайтында.

Теги: