Германия мұнай ақысын рубльмен төлемейтінін жеткізді
Наурыз 25, 2022, 10:18 Т.Қ.
Германия канцлері жеткізу шартында мұнай ақысы доллар немесе еуромен төленеді деп қарастырылғанын айтады, деп жазады menmedia.kz unian.net ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«ЕО-ның Ресейге қарсы салған санкциялары мұқият дайындалған. Оның өте тиімді екенін көріп отырмыз және оларды үнемі дамытып, айналып өтуіне мүмкіндік бермеуге тырысамыз. Кейбір елдер мұнай, газ немесе көмірге аса тәуелді екенін ескеріп, аталған өнімдердің импортына саналы түрде санкция салмаған едік», – деді Германия канцлері Олаф Шольц G7 саммитінен кейін Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында.
#menaitamyn #sentynda