Германия Қазақстаннан мұнай экспортын екі есе арттыруды сұрап отыр

Қыр. 25, 2024, 6 Т.Қ.

Бұл туралы 29-шы қазақстандық халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы барысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

Kazinform/Canva

«Қазақстан жыл соңына дейін Германияға 1,2 миллион тонна мұнай экспорттайды. Германия тарапынан мұнайдың жалпы көлемін 2,5 миллион тоннаға дейін арттыру туралы өтініш түсті», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің кездесуі барысында Қазақстан неміс нарығына мұнай экспортын арттыруға әзір екенін жеткізген болатын.

Теги: