Ғұсман Қырғызбаев Астанадағы дзюдодан өтіп жатқан турнирде күміс жүлдені қанағат тұтты
Мамыр 9, 2025, 6 Т.Қ.
Бүгін Астана қаласында жалауын көтерген дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) күміс жүлдегер атанды.
Финалда ол ресейлік Рамазан Абдулаевпен шеберлік байқасты. Белдесу барысында ол қарсыласына 0:10 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Ғұсман Қырғызбаев 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлде алған ол араға үзіліс салып, татами төріне қайта оралған еді. Астанадағы турнирде ол жақсы қырын танытты. Нәтижесінде жартылай финалға дейін еш сүрінбестен жетті.
Жартылай финалдағы белдесуінде ол қытайлық Цзыян Сені 10:0 есебімен жеңді.