Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатыр
Қаз. 16, 2025, 7:43 Т.Ж.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
- Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі.
Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады, - делінген ақпаратта.